03 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №688

477 рет
көрсетілді
31 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 25 желтоқсан,  Астана қаласы Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министр Б.СҰЛТАНОВ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №688 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) есепті қаржы жылы – жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл; 2) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – мемлекеттiк сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесі; 3) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға; 4) мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi орган – мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. 2. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есептің мазмұны 3. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп: 1) осы Қағидаға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес есепті қаржы жылына мемлекеттік сатып алу туралы есептен; 2) түсіндірме жазбадан тұрады. 4. Түсіндірме жазба есепті қаржы ж ылына мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастырылатын мәліметтер негізіндегі мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты қамтиды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалы мәселелер туралы ақпаратты қамтуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалы мәселелер жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар ұсынған өтініштердің негізінде қалыптасады. 3. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау тәртібі 5. Мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер есепті қаржы жылында тапсырыс берушілер және (немесе) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар орналастыратын және толтыратын мәліметтер негізінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптасады. 6. Мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор осы Қағидаға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталынан жүктеуді қамтамасыз етеді және есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi органға жібереді. 7. Мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылына мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады. 8. Есепті қаржы жылына мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы жылдық есеп мемлекеттік сатып алу веб-порталында Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібергеннен күннен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларына 1-қосымша нысан ______ жылға сатып алу тәсілдері бөлісінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер № Сатып алу тәсілі Бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша Жүргізілген мемлекеттік сатып алу қортындыла­ры бойынша Жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт­тар бойынша Сатып алу саны Бекітілген жоспарлы сатып алулар сомасы, теңге Үлесі, % Сатып алу саны Жүргізілген сатып алулар сомасы, теңге Үлесі, % Сатып алу саны Жасасқан шарттар сомасы, теңге Үлесі, % 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 2 БАРЛЫҒЫ 3 Конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу. Барлығы 4 оның ішінде ашық конкурс 5 оның ішінде біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс 6 оның ішінде екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс 7 Аукцион тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу 8 Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу 9 Бір көзден алу тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу. Барлығы 10 оның ішінде өтпеді деп танылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша 11 оның ішінде өтпеді деп танылған аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша 12 оның ішінде өтпеді деп танылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша 13 Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу. Барлығы 14 оның ішінде табиғи монополия салаларына жататын көр­сетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдық­­­тау қызметтерін сатып алу немесе электр энергиясын кепіл­­­дендірген жеткізушімен электр энергиясын сатып алу-сату 15 Оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 16 оның ішінде сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 17 оның ішінде еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдар­ларын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, электр энергети­касы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, cу көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы ава­рия­ларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктер­дiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материал­дардың тасымал жолында дереу қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу жағдайларында 18 оның ішінде саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу жағдайларында 19 оның ішінде нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу жағдайларында 20 оның ішінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 21 оның ішінде мемлекеттік материалдық резервтің жаңарту тәртібімен шығарылатын материалдық құндылықтарын бірінші кезектегі тәртіппен сатып алу жағдайларында 22 оның ішінде табиғат пайдалану құқығын сатып алу жағдайларында 23 оның ішінде рейтингтік агенттіктер көрсететін қызметтерді, қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 24 зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кiтапханалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу 25 оның ішінде бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлестерді сатып алу жағдайларында 26 оның ішінде монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бірыңғай жинақ­таушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 27 оның ішінде Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша сатып алу жағдайларында 28 оның ішінде мемлекеттік және ведомстволық награда­лар­ды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының төс белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық), жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адам­ның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік­терді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіт­кен тізбе бойынша, Қазақстан Республикасының Үкі­меті айқын­даған өнім берушілерден арнайы дәрежеде қор­ғау­­­ды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу жағдайларында 29 оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 30 оның ішінде жеке тұлғалар үшін мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердi сатып алу жағдайларында (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өзі таңдаған жағдайда) 31 оның ішінде қызметкерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 32 оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ оларды тасымалдау және олармен бірге еріп жүру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 33 оның ішінде адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу жағдайларында 34 оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекеме­­лерінің, олардың атынан әрекет ететін тапсырыс беру­­ші­лердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекет­тің аумағын­да өз қызметін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бітімгер­шілік операциялар мақсаттары үшін тауарларды, жұмыс­тарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жағдайларында 35 оның ішінде өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 36 оның ішінде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу жағдайларында 37 оның ішінде халықаралық ақпараттық ұйымдардың ақпарат ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерін сатып алу жағдайында 38 оның ішінде мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді: дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерден; Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан сатып алуы жағдайларында 39 оның ішінде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдендірілген көлемінде көзделген арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен арнаулы әлеуметтік көрсеті­летін қызметтерді бағалау және қажеттілікті айқындау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 40 оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу жағдайларында 41 оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан осындай мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы бойынша сатып алуы жағдайларында 42 оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган не оның ведомствосы оған қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жағдайларында 43 оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Президентінің ше­шімі (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республика­сы­ның Үкіметі айқындаған тұлғадан сатып алу жағдайларында 44 оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 45 оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 46 оның ішінде статистикалық байқау деректерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 47 оның ішінде Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін; Қа­зақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін; Қазақстан Респуб­ли­касының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін; мемлекет­тік мүлікті жекешелендіру кезінде сауда-саттықта (аукцион­дарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу жағдайларында 48 оның ішінде ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 49 оның ішінде мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 50 оның ішінде егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсе­тілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі респуб­ликалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсет­кіш мөлше­рінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 51 оның ішінде қызметкерді қызметтік іссапарға, оқушыларды, студенттерді, аспиранттарды шығармашылық сайыстарға (конкурстарға, олимпиадаларға, фестивальдарға, ойындарға), көрмелерге, конференцияларға, форумдарға, шеберлік сыныптарына, тағылымдамаларға қатысу, оқу-практикалық тапсырмаларды орындау үшін жіберуге байланысты көрсетілетін қызметтерді, көрсетілген іс-шаралар өтетін жерге бару және кері қайту жолын, тұрғын үй-жай жалдауды, көліктік қызмет көрсетуді, тамақпен қамтамасыз етуді қоса алғанда сатып алу жағдайларында 52 оның ішінде мемлекеттік мұражай, кітапхана, мұрағат қорларын, кино-, фотоқорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның ішінде мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын, сондай-ақ көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін және құнды басылымдарды, қол­жазбаларды, мұрағат құжаттарын сатып алу жағдайларында 53 оның ішінде көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу жағдайларында 54 оның ішінде театр-ойын-сауық ұйымының, филармония­ның, мұражайдың және мәдени-демалыс ұйымының, кине­матография ұйымының, мәдениет және өнер саласын­дағы білім беру ұйымының, телерадио хабарларын тарату ұйымының сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру және өнер туындыларын көпшілік алдында орындау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жағдайларында 55 оның ішінде хайуанаттар паркіне, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге және спорттық іс-шараға баруға тапсырысты орналастыру 56 оның ішінде тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, оларды реконструкциялау мен күрделі жөндеуді авторлық қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жағдайларында 57 оның ішінде Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткішін) сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне техникалық және авторлық қадағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 58 оның ішінде егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі осындай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса, жүзеге асырылады 59 оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының қатысуы және (немесе) даярлығы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының олимпиада­лық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарға және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен күнтізбелік жоспар негізінде басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін қажетті спорттық мүкәммалды және жабдықтарды (жарақтарды), спорт керек-жарақтарын сатып алу жағдайларында 60 оның ішінде ұлттық қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін байланыс қызметтерін сатып алу жағдайларында 61 оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды жалдау, тұрғын емес мақсаттағы жалданатын үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген, тұрғын емес үй-жайлар орналасқан үйдегі тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетілетін болса, тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес бір немесе бірнеше үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында 62 оның ішінде техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде мүгедектер саны жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде елу пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу 63 Тауар биржалары арқылы тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларына 2-қосымша нысан Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бөлісіндегі мемлекеттік сатып алу көлемі № Атауы Алдыңғы кезең Есепті кезең Бекітілген жоспарлы сатып алулар сомасы, теңге Үлесі, % Бекітілген жоспарлы сатып алулар сомасы, теңге Үлесі, % 1 2 3 4 5 6 1 Барлығы, оның ішінде: 1.1 Тауар 1.2 Жұмыс 1.3 Қызмет Жүргізілген сатып алулар сомасы, теңге Үлесі, % Жүргізілген сатып алулар сомасы, теңге Үлесі, % 2 Барлығы, оның ішінде: 2.1 Тауар 2.2 Жұмыс 2.3 Қызмет Жасалған шарттар сомасы, теңге Үлесі, %  Жасалған шарттар сомасы, теңге Үлесі, % 3 Барлығы, оның ішінде: 3.1 Тауар 3.2 Жұмыс 3.3 Қызмет Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларына 3-қосымша нысан Өнім берушілер және олармен жасасқан мемлекеттік сатып алу туралы шарттар туралы ақпарат №   Алдыңғы кезең Есепті кезең Тіркелеген әлеуетті өнім берушілер саны Сатып алуға қатысқан әлеуетті өнім берушілердің саны Үлесі, % Жеңімпаз болып танылған әлеуетті өнім берушілер саны Үлесі, % Жасалған шарттардың жалпы сомасы, теңге оның ішінде: Үлесі, % Тіркелеген әлеуетті өнім берушілер саны Сатып алуға қатысқан әлеуетті өнім берушілердің саны Үлесі, % Жеңімпаз болып танылған әлеуетті өнім берушілер саны Үлесі, % Жасалған шарттардың жалпы сомасы, теңге оның ішінде: Үлесі, % тауар жұмыс қызмет тауар жұмыс қызмет 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 2 БАРЛЫҒЫ, оның ішінде: 3 Қазақстан Республикасы 4 Ресей Федерациясы 5 Беларусь Республикасы 6 Қырғыз Республикасы 7 Армения Республикасы Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларына 4-қосымша нысан ____ жылға есептілік әкімшілері бөлісіндегі тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер Бюджет бағдарламасы әкімшісінің коды Атауы Сатып алу саны Сатып алуға бөлінген сома (бекітілген жылдық жоспар), теңге Сатып алудың жалпы көлемі (жасалған шарттар бойынша), теңге Шартты үнемдеу, % 1 2 3 4 5 6 7 Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 1 2 ... Барлығы: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органдары 1 2 ... Барлығы: Жиыны: Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларына 5-қосымша нысан ____ жылға жүргізілген, оның ішінде бір көзден тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы (жүргізілген мемлекеттік сатып алудың қортындылары бойынша) мәліметтер Сатып алу тәсілі Жүргізілген сатып алудың (лоттар) барлығы оның ішінде жүргізілген сатып алулар оның ішінде жүргізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алулар Саны Үлесі, % Сомасы, теңге Үлесі, % Саны Үлесі, % Сомасы, теңге Үлесі, % Саны Үлесі, % Сомасы, теңге Үлесі, % 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Конкурс тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу Аукцион тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу Барлығы: Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларына 6-қосымша нысан ___ жыл ішіндегі мемлекеттік сатып алуды жариялаудың ай сайынғы серпіні № Кезең (жыл) Қаңтар Ақпан Нау­рыз Сәуір Мамыр Мау­сым Шілде Тамыз Қыр­күйек Қазан Қар­а­ша Жел­тоқсан Жиыны Саны Үлесі, % Саны Үлесі, % Саны Үлесі, % Саны Үлесі, % Саны Үлесі, % Саны Үлесі, % Саны Үлесі, % Саны Үлесі, % Саны Үлесі, % Саны Үлесі, % Саны Үлесі, % Саны Үлесі, % Саны Үлесі, % (бекітілген жылдық жоспардан) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 Саны бойынша 1 Сомасы бойынша (теңге) 2 Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларына 7-қосымша нысан Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алукөлемдері туралы ақпарат _____ жылға р/с № Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Мемлекеттік сатып алудың орындалған шарттарының саны Мемлекеттік сатып алудың орындалған шарттары ның сомасы Жергілікті мазмұны, теңге Жергілікті мазмұны, % Шарттар мәнінің саны Оның ішінде тауарлар жұмыстар қызметтер Барлық сомасы Отандық тауар өндірушілері Жергілікті мазмұны, % Барлық сомасы Жұмыстардың отандық тауар өндірушілері Жергілікті мазмұны, % Барлық сомасы Көрсетілетін қызметтердің отандық тауар өндірушілері Жергілікті мазмұны, % Жиыны Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларына 8-қосымша нысан ___ жылы өткізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі туралы ақпарат Негізі Жүргізілген ауди­тор­лық іс-шаралар Аудитпен қамтылған сатып алулардың жалпы сомасы оның ішінде заң бойынша бұз­у­шы­лықтар (актілер саны бойынша) жалпы сомаға оның ішінде сатып алу әдісі бойынша: Конкурс Аукцион Баға ұсыныс­тарын сұрату тәсілімен Бір көзден сатып алу Тауар биржасы арқылы сатып алу 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Барлығы Тізім бойынша Жоспардан тыс аудит жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша құқық қорғау органдарының қаулылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының тапсырмалары бойынша өзгелер Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларына 9-қосымша нысан ___ жылы өткізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша қолданылған шаралар туралы ақпарат Негіздеме Енгізілген ұйғарымдар оның ішінде қарастырыл­ғандары мен орындалғандары Мемлекеттік сатып алулардың қортынды­лары туралы шешім­дер­ді заңсыз деп және/немесе шарттарды дұрыс емес деп табу туралы сотқа берілген талап-арыз оның ішінде қанағаттандырылғандары қанағаттандырудан бас тартылғандары Әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа берілген талап-арыз оның ішінде қанағаттандырылғандары қанағаттандырудан бас тартылғандары қарау немесе шағым жасау сатысында Мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың тәртіптік жазаға тартылуы оның ішінде қызметтен босатылғандары Мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзғаны үшін лауазымдық тұлғалардың әкімшілік жазаға тартылуы оның ішінде сотпен бас тартылған қаулылар саны Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы оның ішінде бюджетке қайтарылғандары әкімшілік айыппұл бойынша қайтарылмаған соманың қалдығы Құқық қорғау органдарына жіберілген материалдар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 Барлығы Тізім бойынша Жоспардан тыс аудит жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша құқық қорғау органдарының қаулылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының тапсырмалары бойынша өзгелер Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларына 10-қосымша нысан ___ жылы мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізілімінде тұрған өнім берушілер туралы ақпарат №   Конкурс Аукцион Баға ұсыныс­тарын сұрату Бір көзден алу Тауар биржа­лары арқылы Жалпы өнім берушілерді Тізілімге енгізу негіздері Үлесі, % 1 2 3 4 5 6 7 8 10 2 Өнім берушілерді Тізілімге енгізу негіздері 3 оның ішінде: 4 тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақ­ты тәртіппен бұзған, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік бергені анықталған өнім берушілер 5 мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілер) 6 өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер 7 Барлығы 8 Үлесі, % Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12672 болып енгізілді.